Жамбыл облысының тұрғындары мен кәсіпкерлерін қорқытып келген қылмыстық топ мүшелері сотталды
© Сурет: Zakon.kz
Бірнеше жыл бойы Жамбыл облысының тұрғындары мен кәсіпкерлерін қорқытып келген ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2023 жылғы сәуір айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысында тұрақты қылмыстық топты әшкереледі.
Бас прокуратураның хабарлауынша, бұрын сотты болған жеті адамнан тұратын бұл қылмыстық топ 2 жыл бойы қайырымдылық қордың атын жамылып, кәсіпкерлерді қорқыту және оларға күш қолдану арқылы бопсалау, қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу және қорғаншылық көрсетумен айналысқан.
"Ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырушының жоспарын жүзеге асыру мақсатында бірқатар қылмыстардың мән-жайы анықталды, оған қатысушылар (мүшелер) арасындағы тығыз қарым-қатынас және олардың іс-әрекетін үйлестіру белгіленді. Мысалы, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері көшбасшының нұсқауы бойынша, өзіне және топтың қатысушыларына материалдық пайда табу мақсатында, қарыз мәселесін шешу үшін Меркі ауданында күш қолдану арқылы екі жәбірленушіден 1 млн теңге сомасындағы ақша қаражаттарын және жеке басына тұтыну үшін 10 келі есірткі заттарын талап еткен". Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Жәбірленушілердің бірі өмірі мен денсаулығы үшін қорқып, Kaspi қосымшасы арқылы 500 000 теңге көлемінде қаражат аударған. Бұл қаражат ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары арасында бөлінген.
Осы тектес қылмыстық схема төрт кәсіпкерге де қатысты орын алған.
2025 жылғы 21 қаңтарда сот талқылауының қорытындысы бойынша Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы мен мүшелеріне қатысты айыптау үкімін шығарды.
Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтыңжетекшісі 11 жылға, басқа қатысушылар 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Сотталғандардың кінәсі жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері мен қылмыстық істің басқа да материалдарымен толық дәлелденді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:04, 21 қаңтар 2025
Көкшетаудағы ауруханада үш жасар баланың ата-анасы дәрігерлерге шабуыл жасап, қырғын шығарды
-
22:43, 21 қаңтар 2025
Алматыда балаларға күйген картоп жегізген балабақша қызметкерлері сөгіс алды
-
22:13, 21 қаңтар 2025
Жамбыл облысында автобус жүргізушісі қоғамдық көлікті мас күйінде айдаған
-
21:52, 21 қаңтар 2025
Астаналық оқушылар ертең қашықтан оқиды
-
21:40, 21 қаңтар 2025
Қостанай облысында қару салынған сейфті ұрлап кетті