Атырауда 10 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған пәтер ұрысы ұсталды
© Сурет: pixabay
Атырауда пәтер ұрысы тұрғындарға 10 млн теңгеден астам шығын келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция мәліметінше, күдікті тұрғын үйлердің пластикалық терезесін күшпен ашып, жалпы сомасы 10,3 млн теңге тұратын әртүрлі алтын бұйымдарды ұрлаған.
Тексеру барысында 35 жастағы күдікті алтын бұйымдарды қала аумағында орналасқан әртүрлі ломбардтарға тапсырғаны анықталды. Жәбірленушілердің бірі ломбардтан тәркіленген заттардың ішінен өзіне тиесілі 7 бұйымды таныды.
Қазіргі таңда күдікті ұсталды, аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін алаяқтар "көлік сатамыз" деп аңқау тұтынушыларды алдап, алдын ала төлем алып жүргені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:42, 20 қаңтар 2025
Астанада сол жағалауда қар жинайтын трактор өртенді
-
20:34, 20 қаңтар 2025
Күн күрт суытып, көктайғақ болады: ТЖД елорда тұрғындарына үндеу жасады
-
19:55, 20 қаңтар 2025
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері бес күн жұмыс істемейді
-
19:55, 20 қаңтар 2025
Қытаймен арадағы шекарада автомобиль өткізу пункттері бес күн жұмыс істемейді
-
19:49, 20 қаңтар 2025
Астана мен Қарағанды арасындағы бірқатар жол учаскесі жабылды