Дзюдодан Лозаннадағы Grand Slam турнирі: Шерзод Давлатов қола медалға таласады

19:29, 28 тамыз 2026
MKZ: 1564044

© Сурет: olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Шерзод Давлатов Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерлесіміз 60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында оңтүстіккореялық Харим Лиге жол берді.

Осылайша Шерзод Давлатов қола жүлде үшін өтетін бәсекеде өзбекстандық Самариддин Кучкаровпен күреседі.

Ал 66 келіге дейінгі салмақта Ақылжан Жұбатқанов жұбаныш белдесуінде оңтүстіккореялық Чханен Кимге жол берді.

Айта кетейік, финалдық кезең бүгін, Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!