Құрылтай сайлауында Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар алғаш болып дауыс берді

03:30, 23 тамыз 2026
MKZ: 1562721

© Фото: Zakon.kz

Құрылтай сайлауында Корея мен Жапонияда тұратын Қазақстан азаматтары алғашқылардың бірі болып дауыс беруге кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 тамызда Сеулдегі №422 және Токиодағы №425 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ашылып, шетелдегі сайлау учаскелері арасында алғаш болып жұмысын бастады. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Шетелдегі барлық сайлау учаскесі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері аумағында ұйымдастырылған", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сайлау науқанына баға беріп, 23 тамызда елімізде тарихи оқиға – жаңа бір палаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтетінін атап өткен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!