Күршімге қыс «келіп қойды»

12:57, 25 қыркүйек 2020

Шығыс Қазақстан облысының тауларына түнде қар жауды, деп хабарлайды zakon.kz.

YK-news.kz хабарлағандай, 25 қыркүйекте Риддер маңында қар жауып, боран соқты.

Бір күн бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі дауылды ескерту жариялады, оған сәйкес 25 қыркүйекте Шығыс Қазақстанда тұман түсіп, жел күшейеді деп күтілген.

Айта кетсек, тау-кен қалашығының алғашқы қар 9 қыркүйекте түскен.

Сондай-ақ, әлеуметтік желіде видеолар жарияланып, 25 қыркүйекте Күршім ауданына "қыс келіп алғаны" айтылады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!