Құрбан айт: Президент Құран оқытып, құрбандық шалды

10:58, 16 маусым 2024

© Сурет: Ақорда

16 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесіне орай елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, мешітте Құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!