Купальник дефилесі болмайды: Рамазан айына байланысты Қазан қаласындағы сұлулық байқауына өзгерістер енгізілді
© Сурет: Telegram/MISS BRICS 2026
Татарстан астанасында өтетін "Miss BRICS" сұлулық байқауы Рамазан айының кіруіне байланысты шомылу киімдерінің дефилесінсіз өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 18 ақпанда өткен баспасөз мәслихатында байқау президенті Динара Саляхова мәлімдеді.
"Бізде ораза айы басталады, сондықтан бағдарламада купальник қарастырылмаған. Қонақтар келетіндіктен, олардың барлығына қыздар спорттық киіммен шығатынын алдын ала ескерттік", – деді ол.
Өз кезегінде Татарстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Лейла Фазлеева купальниксіз формат бастапқыдан-ақ жоспарланғанын айтты.
Байқау 1–8 наурыз аралығында өтеді. Оған БРИКС елдерінен 19 мемлекеттің өкілдері қатысады. Атап айтқанда, Бразилия, Үндістан, Қытай, Қазақстан, Таиланд, Египет, Оңтүстік Африка Республикасы, Нигерия, Вьетнам, Малайзия және басқа елдер бар.
Қатысушылар үш жас санатына бөлінеді:
- Miss BRICS – 18 бен 25 жас аралығындағы арулар;
- Mrs BRICS – 30 жастан асқан, тұрмыстағы әйелдер;
- Little Miss BRICS – балалар.
Қазақстан атынан әзірге екі қатысушы белгілі. Оның бірі – 35 жастағы блогер, кәсіпкер, екі баланың анасы Ольга Мигунова.

Сурет: Telegram/MISS BRICS 2026
Екінші қатысушы – Арина Каторгина. Балақай тай боксымен айналысады.

Сурет: Telegram/MISS BRICS 2026
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:38, 20 ақпан 2026
Шымкентте салымшылар 600 млн теңгеге алданған: 10 адам сотталды
-
13:26, 20 ақпан 2026
Қазақстанда құрылыс саласы цифрланады
-
13:14, 20 ақпан 2026
Қазақстанда жұқпалы аурулар қаупі жоғары өңірлер аталды
-
13:05, 20 ақпан 2026
Аяқ киім жеткізіліміне бақылау әлсіз – тауарларды таңбалау операторы
-
12:54, 20 ақпан 2026
Қызылорда облысында рейдтік іс-шаралар барысында 362 құқық бұзушылық анықталды





