«Күн күрт суытады». Қазақстанда 26-28 сәуір аралығында ауа райы қандай болады
© Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөлісті, деп хабарлады Zakon.kz.
Атмосфералық фронттардың жылжуына байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің күшейіп, бұршақ түсуі де мүмкін.
Нөсер жаңбыр мына өңірлерде күтіледі:
- 27 сәуірде Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында;
- 28 сәуірде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында.
Республикамыздың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі деп күтіледі.
"26 сәуірге қараған түні Абай облысында, 26-27 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 1-3 градус аяз болып, түнде үсік жүреді деп болжанады", делінген хабарламада.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалаларында алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:00, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев Санкт-Петербургке барады
-
14:56, 20 желтоқсан 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты: қаза тапқандар бар





