«Күн қайта ысиды»: Алматыда ауа температурасы көтеріледі

16:42, 24 сәуір 2025

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Қазақстанның үш ірі қаласында күн жылы болады. "Қазгидромет" РМК болжамы бойынша 2025 жылдың 25-27 сәуірі аралығында Астанада жауын-шашынға қарамастан ауа температурасы 27 градусқа дейін көтеріледі. Шымкентте 33 градус ыстық күтілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының ауа райы болжамы

25 сәуірде: құбылмалы бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз жел секундына 9-14 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 24-26 градус жылы.

26 сәуір: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні – секундына 14 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 25-27 градус жылы.

27 сәуірде: құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Қатты жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 22-24 градус жылы.

Алматы қаласының ауа райы болжамы

25 сәуір: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 20-22 градус жылы.

26 сәуір: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 23-25 ​​градус жылы.

27 сәуір: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 27-29 градус жылы.

Шымкент қаласының ауа райы болжамы

25 сәуір: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 10 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 28-30 градус жылы.

26 сәуір: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 29-31 градус жылы.

27 сәуір: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 9-14 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 31-33 градус жылы.

Бұған дейін синоптиктер Астана мен еліміздің 14 облысында ауа райының қолайсыз болатынын ескерткен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!