«Құлбазардағылар» тапқан тиынының бір бөлігін «долядағыларға» береді

14:35, 29 қыркүйек 2020

Карантин басталғалы "құлбазардағы" күнкөріс те қиындап кетті. Қара жұмысқа жегілгендер осылай дейді. Жұмыссыз жүргендердің саны бір ғана базардың маңында мыңнан асып жығылады екен. Күн ұзаққа тапқанына ортақтасып, пайызын талап ететін "пысықайлар" да бар екен мұнда. Адал тердің еңбегінен арам нанын айырып алып жүрген ол "долядағылар" кімдер?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ел арасында "құлбазар" немесе "пятак" аталып кеткен орынға бет алып барамыз. Бұрын ол жерде 200-300 ге жуық жұмыскер напақасын тауып жүрсе, 9741 карантин басталғалы 1000-ға тарта жұмыссыз торуылдап жүр деседі.

Біз барған уақыт түскі бірдің шамасы. Әдетте мұндағы тірлік таңғы 6-7-ден бастап қызады. Көлік тоқтай қалса, жан-жақтан қаумалайды, қол қызметтерін саудалайды.

Сайлау Досымбеков, жұмыссыз:

- Қанша уақыт болды?

- 1 жылдан асып кетті.

- Осы пятакты жағалап жүрсіз ия, жұмыс болмағаннан кейін?

- 3 балам бар. Соны кормит ету керек қой. 18 этажға көтереміз. Сдача болмай лифт жоқ барлық жерде. Қолмен көтереміз.Кафель. Әртүрлі ғой жұмыстар.

Иә, ауыры бар жеңілі бар. Бастысы екі қолға бір күрек табылса болғаны. Ал табылмаса...

Амангелді Юсупов, жұмыссыз:

"Мына жүргеннің бәрі қазақ. Басқа ұлттың адамы жоқ. Күніге бір 4-5 мың адам шамасында болады. Кетіп жатқандар. Бәрі қазақ".

Бәріне ақша тап қазір, дәл бүгін керек. Ал айлыққа...

Арын Ермекұлы, жұмыссыз:

Жетпейді ол, айлыққа істейін десек. 80-90-60 мың. Ол неге жетеді мысалы?

Арын аға 5 жылдан бері жұмыссыз жүр. Пятактан таяқ тастам жердегі жатақханада бөлме жалдап тұрады. Әлгі ел аузында жүрген "Қолжетімді баспананың" нақ өзі дерсің.

"Міне, осы кіріңіздер".

Арын Ермекұлы, жұмыссыз:

"Амал жоқтан пятакқа шығасын. Азанда барасың, бұйырғаны деп кетесің. Бұйырмаса ол да жоқ. Қыста мысалы вообще қиын. Ойбай осындайға жеттік, мынадай жетістік, кейде ішің удай ашып кетеді. Ойлайсың. Ей мыналар қай әлемді сүріп жатыр. Сол әлемге баратын жол бар ма екен?!"

Айтпақшы, пятактың өз тәртібі бар. Тепсе темір үзетін жігіттердің тапқан-таянғаны талан-таражға түседі көбіне. Әдетте олар топтасып жүретін көрінеді. Былайша айтқанда "крышевать" етеміз деп кірістің қандай да бір пайызын қалтаға басады.

- Посредникке қанша береміз? Мен сізге 10 мың оларға 5 мың беруім керек пе?

- 5 мың бересіз. Зачем?! Лучше рабочим дайте. А не который просто стоит.

10 мыңдық болса например 3000 тенге алады. Бір адамнан. Не үшін сонда? Жұмыс тауып бергені үшін бе? иә, сол жерде алып қояды ғой олар. Жалғыз емес олар. 5-6 адам ғой. Олардікі не законно ғой.

Күн ұзаққа жүріп тапқанын бала-шағаның аузынан жырып беру де оңай емес. Бірақ күнкөріс үшін оған да көнеді. Таңғы 6-да басталатын қарбалас қас қарайғанша жалғасады. Ал ертесіне "жұмыс табылар ма, жоқ па" деген екұдай ойдың жетегінде өмір жалғасады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!