Қуаныштың көз жасы: грант жеңіп алған қазақстандық балалардың реакциялары

© Сурет: pexels
Бүгін, 2024 жылғы 3 тамызда Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік грант конкурсының қорытындысын жариялады. Кейінірек ведомство болашақ студенттердің және олардың жақсы жаңалықты естігеннен кейінгі реакциясы көрсетілген видеоны жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрлік талапкерлерді жетістігімен құттықтады.
"Грант иегерлерін құттықтаймыз! Қуаныштың көз жасы: біздің балалардың мемлекеттік грантқа реакциялары", - делінген видеоның жазбасында.
"Қуаныштан жылап отырмын. Жаңа бізге жақсы жаңалық жетті. Менің балам Дәулет Серікбаев атындағы университетке түсті. Ең бірінші хатшыларға рақмет айтқым келеді. Біз барғанда бәрін айтып түсіндіріп, "Қандай сертификатпен қандай мамандыққа түсуге болады?", "Қандай грант болады?", "Қандай квоталар бар?" - бәрін-бәрін түсіндіріп берді. Көп-көп рақмет! Енді балам жақсы оқиды деп ойлаймын. Осы университетке түссем деп, армандап жүрген. Арманына жетті. Осылай әке-шешелер балаларының арқасында қуанып, жақсы жаңалықтарын естіп, қуанып жүре берейік", - дейді ата-ана.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:42, 15 наурыз 2025
Алматы облысында түсте басталған алапат өрт толығымен сөндірілді
-
18:04, 15 наурыз 2025
Жексенбіде антлантикалық циклон жүріп, еліміздің бірнеше өңірінде жауын-шашын болады
-
17:33, 15 наурыз 2025
Қазақстанға Ядролық энергетика агенттігі не үшін қажет – сарапшы пікірі
-
17:13, 15 наурыз 2025
Алматы облысында дөңгелек шығаратын зауыттағы өрт ауыздықталды
-
16:21, 15 наурыз 2025
ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева дүниеден озды