Қуандық Бишімбаев қанша жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
© Сурет: Facebook/Куандык Бишимбаев
Қазақстанның бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың аса қатыгездікпен кісі өлтірудегі кінәсі тергеуде дәлелденсе, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес, аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге, не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес аса қатыгездікпен кісі өлтіру фактісі, мүлкі тәркіленіп немесе 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2023 жылдың 9 қарашасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Қайғылы оқиға елордадағы "Бау" мейрамханасында болды.
30 қарашада ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев Қуандық Бишімбаев ерекше қатыгездікпен кісі өлтірді деген күдікке ілінгенін айтты. Ол Бишімбаевтың ісі Бас Прокурордың ерекше бақылауында екенін атап өтіп, ол апта сайын Бас Прокурордың тікелей бақылауында болатынына сендірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:53, 18 қаңтар 2025
Астанада фитнес орталықта өрт шықты
-
19:01, 18 қаңтар 2025
Алматыда, Шымкентте және 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
18:47, 18 қаңтар 2025
Павлодарда трамвай әйелді сырып өтті
-
18:08, 18 қаңтар 2025
Қазақ қызы Трамптың инаугурациясына шақырту алды
-
17:47, 18 қаңтар 2025
Шымкентте сарбаз ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады