29 жыл бойы іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды
© Фото: zakon.kz
Қазақстан полициясы жыл басынан бері іздеуде жүрген 1 231 күдіктіні ұстады. Сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен 20 110 адамның жүрген жері анықталды. Олардың арасында бірнеше жыл бойы іздеуде болған азаматтар да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 4 қарашада Семей қаласында Қытайға бағыт алған жүк пойыздарынан мыс концентратын ұрлады деген күдікпен 45 жастағы ер адам ұсталды. Оның келтірген залалы 6 млн теңгеден асады.
20 қарашада Алматыда Абай облысының полиция қызметкерлері 2020 жылғы қаңтарда Семей тұрғынынан күш қолданып, 1 млн АҚШ долларын бопсалады деген күдікпен 40 жастағы ер адамды қолға түсірді.
Іздеу жұмыстары Қазақстан аумағымен шектелмейді. Шетелдік құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыстың нәтижесінде жыл басынан бері басқа мемлекеттерде 149 адам ұсталған.
"22 қарашада Санкт-Петербургте 1997 жылы Орал қаласында қарулы қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінген Қазақстанның 62 жастағы азаматы ұсталды. Қолда бар деректерге сәйкес, ол кейін сотталған сыбайласымен бірге тұрғын үйге кіріп, күш қолдану арқылы жәбірленушінің мүлкін иемденген.
20 қарашада Ташкентте Қарағанды қаласында қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 2025 жылдың қазан айынан бері іздеуде жүрген Қазақстанның 40 жастағы азаматы ұсталды. Келтірілген залал 4 млн 350 мың теңгені құрады", – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің өкілі Бекзат Кемал.
Министрлік өкілінің айтуынша, полиция қылмыстың қашан жасалғанына және күдіктінің қай жерде жүргеніне қарамастан, іздестіру жұмыстарын жалғастырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:07, 27 қараша 2026
Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында бір тәулікте абаттандыру қағидаларын бұзудың 6 дерегі анықталды
-
17:01, 27 қараша 2026
Тоқаев Мысыр Президентіне көңіл айтты
-
16:56, 27 қараша 2026
Түркістан облысында тыйым салынған тормен 50 келі балық аулаған тұрғын ұсталды
-
16:50, 27 қараша 2026
Елордада мас күйде көлік басқарған жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды
-
16:42, 27 қараша 2026
Ким Чен Ын Лариса Долинаның концертіне қатысып, сахнаға көтерілді





