Краннан аққан сары су петропавлдықтардың наразылығын тудырды
© Фото: unsplash
Петропавл тұрғындары краннан аққан судың сапасына наразы. Тұрғындар желіде судың сары түсте ағып жатқанын, жағымсыз иіс бар екенін жаппай жазуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Петропавловск.news ақпаратынша, аталған сипаттамаларға қарамастан, ресми ведомстволар алаңдауға негіз жоқ деп отыр.

Сурет: Петропавловск.news
Басылым тілшілері "Қызылжар су" ЖШС мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметке түсініктеме алу үшін жүгінген.
"Қызылжар су" ЖШС ауыз су мен оның сапасын бақылау ВОС зертханасы арқылы санитарлық талаптарға сәйкес жүргізілетінін атйқан, мұны СЭС өкілдері бақылайды. Су сынамалары әр екі сағат сайын тәулік бойы алынып отырады.
Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары санитарлық мониторинг аясында сынамаларды жинайды. Олардың айтуынша, Петропавлдағы су барлық гигиеналық нормаларға сәйкес.
"Су санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша тексеріледі. 2025 жылдың өткен кезеңінде Петропавлда 49 сынама алынды: 31 микробиологиялық, 18 санитарлық-химиялық. Бірде-бір сынама нормаға сәйкес емес екенін көрсететін жайттар тіркелмеді", – деді қала әкімдігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Серік Аусатов.
Алайда, бұл мәліметтерге қарамастан, тұрғындардың су түсі мен иісіне қатысты шағымдары жалғасуда. Бұл, мүмкін, құбырлардағы жөндеу жұмыстарының нәтижесі болуы мүмкін, бірақ жауапты органдар аталмыш нұсқаға қатысты түсініктеме бермеген.
Бұған дейін Алматыда 20 мың қорапқа жуық контрафактілік темекі тәркіленгені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:24, 8 сәуір 2025
Қарулы қақтығыстарға қатысу: Қазақстанның Ішкі істер министрлігі маңызды ескерту жасады
-
10:15, 8 сәуір 2025
Ақтөбелік шенеунік жол сызбаларына бөлінген миллиондаған теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып, жымқырған
-
10:05, 8 сәуір 2025
Рудныйдағы балаларға көмек көрсету орталығынан екі жасөспірім қашып кетті
-
09:53, 8 сәуір 2025
Қазақстан БҰҰ-ның Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының мүшесі болып сайланды
-
09:45, 8 сәуір 2025
Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісін тағайындады
Танымал жаңалықтар
-
11:32, 7 сәуір 2025
-
11:59, 7 сәуір 2025
-
13:24, 7 сәуір 2025
-
14:20, 7 сәуір 2025
-
12:48, 7 сәуір 2025
-
11:24, 7 сәуір 2025
-
11:07, 7 сәуір 2025
-
12:10, 7 сәуір 2025
-
12:36, 7 сәуір 2025
-
17:53, 7 сәуір 2025
-
20:42, 7 сәуір 2025
-
22:52, 7 сәуір 2025
-
11:45, 7 сәуір 2025
-
21:00, 7 сәуір 2025
-
13:11, 7 сәуір 2025