Рудныйдағы балаларға көмек көрсету орталығынан екі жасөспірім қашып кетті

10:05, 8 сәуір 2025

© Сурет: pixabay

Қостанай облысының еріктілері екі жасөспірімді іздеуде. Олар Рудныйдағы балаларға көмек көрсету орталығынан қашып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

kstnews.kz дерегінше, балалардың қайда екені әлі күнге белгісіз.

Сурет: kstnews.kz

"Регион 10" іздеу-құтқару жасағының еріктілері хабарлағандай, 17 жастағы Владислав Полстянкин мен 15 жастағы Ярослав Фролов 7 сәуірде мекеменің терезесінен секіріп, қашып кеткен.

Сурет: kstnews.kz

Жасөспірімдерді іздеу жалғасуда. Олардың бұл қадамға неліктен барғандығы белгісіз.

Бұған дейін Еуропада баланы қараусыз қалдырғандар қатаң жазаланатындығы жайлы жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!