Түркістан облысында қызғалдақтарды жұлып алған әйелге 12 млн айыппұл салынуы мүмкін

17:53, 7 сәуір 2025

© Сурет: видео скрині

Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды жұлып алған шымкенттік әйел анықталды. Оған 12 млн теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Түркістан облысы Ордабасы ауданы Ұялжар ауылдық округіндегі егіс алқабында болған.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігі "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктермен заңсыз әрекет жасау" бойынша қозғалды.

Бұл баптың санкциясы бойынша кінәлі азамат 3000 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе қоғамдық жұмыстарға тартылады.


Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп, барлық мән-жайлар анықталып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша заңды шешім қабылданады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!