ҚР Үкіметі су тасқынымен қарқынды күресуде
© Сурет: primeminister.kz
Үкімет Қазақстанның батыс және солтүстік өңірлеріндегі ауқымды су тасқынын болдырмау және оның салдарын жою үшін қажетті күштер мен құралдарды жұмылдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгінгі таңда апатты-құтқару жұмыстарына ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ҰҚК, МКҚ, әкімдіктер мен ұйымдардан тәулік бойы 34 мыңнан астам адам, 4 мыңнан астам техника, 890 сорғы және 335 жүзу құралы, 19 әуе кемесі тартылған.
"Су тасқыны басталғалы бері Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына Ақмола, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Түркістан және басқа облыстардан 1 мыңнан астам арнайы техника мен жеке құрам жіберілді. Бүгінде зардап шеккен өңірлерге қосымша 500-ден астам арнайы техника жолға шықты. Олар 2 тәулік ішінде жетуге тиіс.",- делінген 2024 жылғы 16 сәуірдегі ақпаратта.
Жергілікті жерлерде өзендер мен су айдындарының жанында орналасқан елді мекендерді қызыл судан қорғау бойынша қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қорғаныс құрылыстары мен бөгеттер салынып, еріген қар суын шығару қолға алынып, инертті материал толтырылған қапшықтар төселуде.

Сурет: primeminister.kz
Аэровизуалды тексеру мен дрондардың көмегімен өзендердегі және су қоймаларындағы жағдайға тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды
-
10:10, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды
-
10:06, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасын іске қосады





