ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов болды

11:49, 30 наурыз 2023

© Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысына Amanat партиясының атынан жаңа премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлан Қошанов мемлекет басшысымен кездесуде де премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды.

Қолданыстағы заңнамаға сай мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен талқылады. Талқылау барысында ЖСДП өкілі Нұрлан Әуесбаев Самиловтың премьер-министр лауазымына тағайындалуына қарсы болды. Дегенмен "Ауыл" партиясының фракциясы қолдады. 98 депутаттың 97-сі қабылданды, 82-сі Самиловтың кандидатурасын қолдады.

Әлихан Смайылов 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

Еңбек өтілі:

1993–1999 жылдары — «А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған.

  • 1999–2003 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.
  • 2003–2006 жж. — ҚР сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.
  • 2006–2009 жж. — ҚР қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰБХ президенті.
  • 2009–2014 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.
  • 2014–2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы.
  • 2015–2018 жж. — ҚР Президентінің көмекшісі.
  • 2018 жылғы қыркүйектен бастап 2019 жылғы ақпанға дейін — Қаржы министрі.
  • 2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындалды.
  • 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.
  • 2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!