ҚР мемлекеттік рәміздері күні Алматыда қандай іс-шаралар өтеді
© Сурет: Zakon.kz
Алматыда ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай түрлі іс-шаралар, оның ішінде мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру және жаппай әнұранды орындау, веложарыс, тақырыптық көрмелер, дөңгелек үстелдер жоспарланған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сағат 11:00-де "Медеу" биік таулы спорт кешенінің алаңында қала басшылығының, жастар жұртшылығы өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру және әнұранды жаппай орындау жоспарланған.
Сағат 11:00-де қаланың барлық аудандарында әнұран бірмезетте орындалады.
Сағат 12:00-де Шевченко көшесі бойымен М.Ганди атындағы саябақтан Қонаев көшесіне дейін веложарыс өтеді, оған кез келген адам қатыса алады. Жарысты бастамастан бұрын барлық қатысушыларға жалаушалар таратылады, мәреге жеткен кезде ҚР әнұранын жаппай орындау ұйымдастырылады.
Сағат 19:30-да Абай алаңында отандық эстрада жұлдыздары Жұбаныш Жексенұлы, Дильназ Ахмадиева, Нұржан Керменбаев, Газизхан Шекербеков, Мархаба Сәби, Арай Tribute, "Made in KZ" тобы, Сырымтай Еңсепов және Қазбек Құрайыш қатысатын мерекелік концерт өтеді.
Концерттен кейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері мен Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония хорының жастар құрамы ҚР мемлекеттік әнұранын орындайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды
-
19:57, 18 желтоқсан 2025
Қостанай облысында жабық жолда тәртіп бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
-
19:31, 18 желтоқсан 2025
Тоқаев Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
-
19:30, 18 желтоқсан 2025
Талдықорғанда синтетикалық есірткі сақтаған Ақтөбе облысының тұрғыны ұсталды
-
19:22, 18 желтоқсан 2025
Астанадағы заңсыз техника саудасы: 600-ден астам телефон тәркіленді





