ҚР ҚМА: Жетісу облысында «Өркен» спорт мектебінің қызметкерлері 16 миллион теңгені жымқырды

© Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысындағы "Өркен балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" КММ қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. ҚР ҚМА баспасөз қызметінің Zakon.kz сайтына хабарлауынша, олар бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.
Тергеу барысында мекеме қызметкерлері 2015-2022 жж. жұмысқа қабылданып, шын мәнінде жұмыс істемеген алты адамға жалақыны есептеу арқылы 16 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз аударғаны анықталды.
"Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
2 маусым күні Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті "ӨзенМұнайГаз" АҚ бас директорының орынбасары Бауыржан Мәмбетсапаевты лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдаланып, ол ауыр салдарға алып келген күдікпен ұстады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:15, 23 қыркүйек 2023
Рудныйда қарт әйел 3,5 млн теңгесінен айырылып қала жаздады
-
16:30, 23 қыркүйек 2023
Президент телерадиокешені мен MNU Халықаралық журналистика мектебін ашты
-
16:15, 23 қыркүйек 2023
Хорватия азаматы Қазақстан арқылы есірткі заттарын тасымалдаған
-
15:59, 23 қыркүйек 2023
ШҚО тұрғыны алаяқтарға 5 млн теңгесін беріп қойды
-
15:08, 23 қыркүйек 2023
65 млн доллар: Қазақстан мен Қырғызстанның ынтымақтастық форумында қандай құжаттарға қол қойылды