ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

15:10, 6 қазан 2026
MKZ: 1570828

© Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстанда Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғаны тергеу аясында Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 6 қазанда Ішкі істер министрлігі сауалға берген жауабында хабарлады.

"ІІМ-нің әскери-тергеу бөлімшесі Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, 1-дәрежелі капитанды қызметіне салғырт қарады деген күдікпен ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Ол сот санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр", – делінген жауапта.

Қанат Ниязбеков ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштерін 2025 жылғы тамыздан бастап басқарған. Оған дейін Әскери-теңіз күштері Бас штабының бастығы – бас қолбасшының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Маңғыстаудағы қайғылы оқиғадан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 3 қазанда Ниязбековті қызметінен босатты.

2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери-теңіз оқу-жаттығуы кезінде 17 әскери қызметшіні Каспий теңізіне ағызып әкеткен. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!