Бектенов Абай облысы әкімінің орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 6 қазанда Үкімет отырысында өңірлерде жылыту маусымының басталу барысына баға берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Үкімет басшысы бұған дейін жылу көздері мен желілерін 1 қазанға дейін жылыту маусымына толық дайындауды тапсырғанын еске салды.
"Бір өңірді қоспағанда, барлығы тапсырманы белгіленген мерзімде орындады. Осыған байланысты жұмысты тиісті деңгейде үйлестірмегені және Семей қаласының жылу желілерін уақтылы дайындамағаны үшін осы салаға жауапты Абай облысы әкімінің орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын", – деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр өңір әкімдеріне жылыту маусымының өтуін қадағалайтын өңірлік штабтардың жұмысын қайта жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ энергия көздері мен желілердің жұмысын тұрақты түрде тексеру қажет екенін айтты.
"Барлық жоспарлы көрсеткіштер сақталуы тиіс. Отынның нормативтік қорын қамтамасыз етіп, резервтік жабдықтарды дайын ұстау қажет. Сонымен қатар халыққа арналған көмірдің жеткілікті болуы мен тұрақты бағамен сатылуын үнемі бақылауда ұстаған жөн", – деп түйіндеді Үкімет басшысы.
Бұған дейін, 2026 жылғы 22 қыркүйекте Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жылу желілерін жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған қалаларды атаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:48, 6 қазан 2026
АХҚО Қазақстанға 28 млрд доллар инвестиция тартты: Тоқаев пен Оман Сұлтаны орталықты аралады
-
17:47, 6 қазан 2026
Алматыда пәтерлердің бірінен ер адамның мәйіті табылды
-
17:31, 6 қазан 2026
Оңтүстікте үсік, солтүстікте қар: 7 қазандағы ауа райы тұрғындарды әбігерге салады
-
17:20, 6 қазан 2026
100 тоннадан астам газ жағылған: Атырау мұнай өңдеу зауытында бірқатар заңбұзушылық анықталды
-
17:10, 6 қазан 2026
«Маған өте ауыр тиді»: Алматыда жігіт бұрынғы сүйіктісін жеке суреттерін жариялаймын деп қорқытқан





