386 дрифт фактісі және 11,9 млн жол ережесін бұзу: Қазақстан жолдарында не болып жатыр

16:56, 6 қазан 2026
MKZ: 1570854

© Фото: Zakon.kz

2026 жылдың басынан бері Қазақстанда қауіпті дрифт жасаудың 386 фактісінің жолы кесіліп, 59 құқық бұзушы қамауға алынды. Жалпы жолдарда Жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) бұзудың 11,9 млн фактісі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл деректер бүгін, 6 қазанда Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында айтылды. Жиында 2026 жылдың тоғыз айындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер белгіленді. Ведомствоның мәліметінше, тұрғындардың тыныштығын бұзатын түнгі жарыстардың, қауіпті дрифт пен шудың жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр.

"Жыл басынан бері ЖҚЕ мен қоғамдық тәртіпті бұзумен қатар жүретін 386 дрифт фактісінің жолы кесілді. Оның ішінде 59 құқық бұзушы қамауға алынды", – делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар 142 автокөлік айыппұл тұрағына қойылған.

Жалпы жолдарда ЖҚЕ бұзудың 11,9 млн фактісінің жолы кесілді. Оның ішінде көлікті мас күйінде басқарудың 19 мыңнан астам фактісі және рөлде телефон пайдаланудың 247 мыңнан астам жағдайы анықталды. 2,4 мың жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды.

Бұл ретте жол-көлік оқиғаларының саны 5%-ға, зардап шеккендер саны 7%-ға, қаза тапқандар саны 16%-ға азайды.

"Ведомство басшысы көлік тәртібін бақылауды күшейтуді және әкімдіктермен бірлесіп қауіпті учаскелердегі қауіпсіздікті арттыруды тапсырды", – делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар алқа отырысында ІІМ басшысы отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес нәтижелері туралы есеп берді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!