Ковидке шалдығушылар өсімі еліміздің барлық өңірінде тіркелуде - Цой

09:41, 12 сәуір 2021

© Сурет: kzkazan.ru

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға кеңінен тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ол 12 күннен бері еліміздің "қызыл" аймақта қалып отырғанын баса атап өтті. Сонымен "қызыл" аймақта еліміздің сегіз өңірі кіріп кеткен: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Атырау, БҚО, Алматы, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе облыстары. "Сары" аймақта - жеті өңір: Шымкент қаласы, СҚО, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай және Павлодар облыстары. "Жасыл" аймақта тек Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстары бар.

Биылғы сәуір айында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалады. Мәселен, сәуірде 11 күн ішінде наурыз айының осы кезеңімен салыстырғанда 24 955 адам КВИ-ға шалдыққан, яғни науқастардың үш есе өсімі байқалады. Тәулігіне 2 800 науқас тіркеледі. Қостанай және Түркістан облыстарынан басқа Қазақстанның барлық аймақтарында аурудың күрт өсімі байқалады. Сонымен қатар еліміздегі сырқаттанушылықтың 61% -ы үш өңірде шоғырланған: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Алматы облысы, - деді Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында.

Ковидке шалдығушылардың артуымен байланысты кісі өлімі өсімі де байқалады. Мысалы, наурызда ақпан айымен салыстырғанда КВИ-ден қайтыс болғандар саны 1,4 есеге өсті. Сонымен бірге кісі өлімінің 57% -ы да үш өңірге тиесілі: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Алматы облысында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!