Қостанайда мыңнан аса қоныс аударушыға квота бөлінді

© Сурет: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Былтыр Қостанай облысына 304 қандас пен 808 қоныс аударушы келген. Олардың көш шығыны толық мемлекеттің мойнында.
Мұның сыртында отбасының әр мүшесіне 15-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін демеу қаржы берілген. Бұдан бөлек баспана сатып алуға да қаржы бөлінеді.
Бұл жұмыс биыл да жалғасын тапты. Облыс бойынша 1053 адамға квота бөлініп отыр. Көшіп келген отбасы сол қоныстанған жерінде 5 жыл тұруға міндетті, деп жазады qazaqstan.tv.
Бұл келісім бұзылса, берілген көмектің бәрі мемлекетке кері қайтарылады. Қоныс аударушылар қатарында дәрігер, мұғалім, кенші тәрізді өңірге қажетті мамандық иелері бар.
Атажұртқа оралған қандастардың бір парасы Рудный қаласына орналасқан.
"Үлкен мүмкіндіктер беріліп жатыр. №14 мектепке информатика пәні мұғалімі болып орналастым. Сосын қандастар статусы арқылы отбасымның әр мүшесіне 241 мың 500 теңге берілді." Гүлдана Жақмұратова, қандас
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:30, 1 қазан 2023
Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан тағы бір қола медальға ие болды
-
13:30, 1 қазан 2023
Теракт жасауға әрекеттену: Анкарада Түркия ІІМ ғимараты маңында жарылыс болды
-
13:10, 1 қазан 2023
Азиада-2022: Қазақстан балуаны Бекәділ Шаймерденов күміс медаль иеленді
-
12:58, 1 қазан 2023
Таулы Қарабаққа БҰҰ миссиясы келіп жетті
-
12:37, 1 қазан 2023
Сауль Альварес бокстан әлемнің абсолютті чемпионы атағын кезекті рет қорғап қалды