Қостанайда қоқыс жәшігіне баласын тастаған көкек ана анықталды

16:37, 5 желтоқсан 2019

Қостанайда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 26 жастағы әйел анықталды. Ол ол жаңа туған баласын қоқыс контейнеріне тастады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды zakon.kz alau.kz-ге сілтеме жасап.

Полицияның дерегі бойынша, 23 қарашада Қостанайдағы полиция басқармасына "Әуежай" мөлтек ауданы маңындағы қоқыс контейнерінен жаңа туған шақалақтың денесі табылғаны туралы хабар келіп түскен.

"Қостанай полиция басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 26 жастағы әйелді анықтады. Ол Қостанай қаласында тұрады. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы, яғни "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - делінген полицияның ақпаратында.

Бұл дерек тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Көкек ананың кінәсі дәлелденсе, ол төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.




Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!