Қостанайда іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Жарылыс кезінде үш адам мерт болған

20:44, 11 желтоқсан 2023

© Сурет: Қостанай қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қостанай қаласында Амангелді тұрғын үй алабында 11 желтоқсанда сағат 12:36-да жарылыс болды. Төтеншеліктер үйінді астында қалып кеткен 12 адамды құқарды. Өкінішке қарай, төтенше жағдай кезінде үш адамның мерт болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іздеу-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 12 адам құтқарылды. Өкінішке қарай, үш адамды құтқару мүмкін болмады, деп жазады "Алау" басылымы жергілікті төтеншеліктерге сілтеме жасай отырып.

Сондай-ақ облыстық ауруханаға төрт адам, қалалық ауруханаға 6 адам жеткізілді. Медициналық көмекке бір адам өз бетінше жүгінді, тағы бір адам ауруханаға жатудан бас тартты. Зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық қызметтер кешені көрсетілуде.

Алдын ала келтірілген мәлімет бойынша, 7 жеңіл және 5 ауыр жүк техникасы, сондай-ақ жақын маңдағы 12 жеке үй құрылыстарына зақым келген.

Қостанай қалалық полиция басқармасы ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі, "Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеліп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!