Қостанайда балалар лагеріне орын тапшы

© Фото: Zakon.kz
Жазғы демалыстың көркі – лагерь. Алайда ата-аналар үшін оған жолдама табу үлкен сынаққа айналған. Себебі демалыс орындары тапшы. Мәселен, Қостанай облысында ескі демалыс орындары жабылған немесе жөндеуді қажет етеді. Ал сұраныс жылдан жылға артып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жетінші арна" ақпаратына сүйенсек, Әулиекөл ауданындағы "Балдәурен" – Қостанай облысындағы ең заманауи лагердің бірі. Екі жыл бұрын демалыс орны өртеніп кеткен болатын. Бірақ қайырымдылық қорының қолдауымен қайта қалпына келтірілді. Қазір мұнда қажеттінің бәрі бар. Лагерь 5 ауысыммен жұмыс істейді. Әрқайсысында 100 баладан қабылданады. Бірақ сұраныс бұдан да жоғары.
"Сұраныс өте жоғары. Біз жолдамаларды 1 наурызда сата бастадық. 20 наурызға дейін бәрі сатылып кетті. Біз төрт ауданға қызмет көрсетеміз: Ұзынкөл, Қарасу, Наурзым және Әулиекөл ауданы. Бұдан бөлек, өз бетінше сатып алатын жеке тұлғалар бар. Күнде келіп, жолдама сұрап тұратындар өте көп". Бибігүл Әбдрахманова – "Балдәурен" лагерінің директоры
Білім басқармасының мәліметі бойынша, облыста 12 лагерь жұмыс істейді. Оның үшеуі – жекеменшік. Биыл оларда 8 мыңға жуық бала демалады. Ал сұраныс бұдан бірнеше есе көп. Қалған 38 мың оқушы мектеп жанындағы жазғы алаңдар ұсынылған. "Бұл мәселені реттеу үшін ескі лагерлерді қалпына келтіру қажет. Ол үшін инвестиция мен бизнесті тарту керек", – дейді жергілікті шенеуніктер.
"Біз лагерьлер желісін кеңейту бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі таңда Меңдіқара ауданындағы "Солнечный" лагері қирағалы тұр. Оны жекеменшікке беру үшін конкурсқа шығардық. Сондай-ақ техникалық тексеруді қажет ететін "Нива" лагерін Қостанай қаласының балансына беру мәселесі қаралып жатыр". Анна Лазарева – облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы:
Балаларға арналған лагердің мәселесі қашан шешілетіні әзірге белгісіз. Бұл іс бірнеше жылға созылуы мүмкін. Басқарма өкілдері осылай дейді. Соған дейін Қостанай облысындағы жазғы лагерлер тапшылығы сақтала бермек.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:55, 14 шілде 2025
Павлодар облысында жолаушылар тасымалы құны 20 пайызға қымбаттайды
-
22:26, 14 шілде 2025
Трамп бірқатар маңызды саяси мәлімдеме жасады
-
21:59, 14 шілде 2025
20-дан аса адам зардап шекті: Алматыда жантүршігерлік жаппай жол апаты болды
-
21:45, 14 шілде 2025
Алматыда екіқабатты үй өртенді
-
21:38, 14 шілде 2025
«Аптап ыстық, бұршақ, тұман». Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды