Қостанай тұрғынын өз көлігінде өлтіріп кетті

09:32, 8 қазан 2018

Қостанайда зорлық-зомбылықтан өлген ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға 22 қыркүйекте болған, бірақ бұл ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында енді ғана жарияланды. Мәйіт үйдің ауласындағы Ford Transit көлігінен табылды.

Полицияның хабарлауынша, адам өлтірді деген күдікті ұсталды. Ол 29 жастағы жігіт болып шықты, күдікті жанжал кезінде ер адамды буындырып өлтіргенін мойындады.

"Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!