Қостанай тұрғыны алаяқтарға кеткен 700 мың теңгесін сот арқылы қайтарды
© Фото: freepik
Қостанай қаласының тұрғыны сот арқылы телефон алаяқтарына аударған 700 мың теңгесін қайтарып алды. Ақша Жамбыл облысының тұрғынына тиесілі шотқа түскен. Сот оны қаражатты толық көлемде қайтаруға міндеттеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотта анықталғандай, оқиға әдеттегі алаяқтық әдіс-тәсілмен басталған. Алдымен жәбірленушіге өзін энергиямен жабдықтаушы компанияның қызметкері ретінде таныстырған адам қоңырау шалып, SMS арқылы келген кодты айтуды сұраған.
Кейін алаяқтыққа тағы бір адам қосылып, әйелді несие рәсімделіп жатқанына сендірген. Ол әйелді жинаған ақшасын "қауіпсіз шотқа" аударуға көндірген.
"Алаяқтардың арбауына түскен талап қоюшы 700 мың теңге аударған. Алаяқтықтың құрбаны болғанын түсінген соң, ол құқық қорғау органдарына жүгініп, жәбірленуші деп танылды. Тексеру барысында аударылған ақшаның Жамбыл облысы Жуалы ауданында тұратын жауапкердің банктік шотына түскені анықталды", – делінген хабарламада.
Сот тараптардың арасында ешқандай шарттық немесе іскерлік қатынас болмағанын анықтады. Ал шот иесі өзіне тиесілі емес ақшаны өз қалауынша жұмсаған.
Оның бұл қаражатты алуға заңды негізі болмағандықтан, сот жәбірленушінің талабын қанағаттандырды. Жауапкерден негізсіз баю ретінде 700 мың теңге, сондай-ақ өкілдің қызметіне және мемлекеттік бажға жұмсалған шығындар өндірілді.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Ал Ақтөбеде жинаған ақшасын тез көбейткісі келген ерлі-зайыптылар ірі қаржылық шығынға ұшыраған болатын. Оқиға ерлі-зайыптылардың белгілі компанияға инвестиция салып, жоғары табыс табуға уәде берген жарнаманы көруінен басталған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:16, 19 қараша 2026
Алматыда ет өнімдері ұсынылатын «Соғым FEST» жәрмеңкесі өтеді
-
09:09, 19 қараша 2026
«Заң мен тәртіп»: Ұлытау облысында мемлекеттік қызметшілер «Антипараквест» ойынына қатысты
-
22:33, 18 қараша 2026
Қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедтің кітабы жарық көрді
-
21:39, 18 қараша 2026
TikTok-тағы тікелей эфир: Семей тұрғыны психикалық денсаулық орталығына жатқызылды
-
21:23, 18 қараша 2026
Қарағанды облысында екі оқушы қыздың зорлық-зомбылыққа ұшырауына қатысты тергеу басталды





