Қостанай полицейлері тұрғыннан 17 млн теңге бопсалаған азаматты қолға түсірді

14:16, 6 маусым 2023

© Сурет: ҚР ІІМ

Ер адам полицияға жүгініп, алты ай ішінде одан тұрақты негізде ақша бопсаланғаны жайлы хабарлады.

Қостанай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалаушыны анықтады. Ол бұрын істі болған 29 жастағы азамат болып шықты.

"Тергеу барысында оның 2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында күш қолданып, қорқытып жәбірленушіге тиесілі 17 млн теңгесін иемденгені анықталды", – деді Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байғонов.

Жедел-тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында күдікті анықталып ұсталды. Одан қару-жарақ пен есірткі тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктінің өзге қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!