Қостанай облысында үйінде қарасора өсірген адам ұсталды
© Сурет: polisia.kz
Меңдіқара ауданына қарасты ауылдардың бірінде полиция қызметкерлері жер үйден шағын қарасора плантациясын тапты. 38 жастағы ер адам құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тінту кезінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қарасора бұтасын, сондай-ақ 8,65 грамм марихуананы тапты. Белгілі болғандай, күдікті қарасораны өзіне арнап өсірген. Бұған табылған заттар да дәлел бола алады.
Енді "бағбан" бірден бірнеше бап бойынша жауап береді. Заңсыз себу және тыйым салынған өсімдіктерді өсіру, сондай-ақ есірткіні сату мақсатынсыз сақтау бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұдан басқа, ер адам ҚР ӘҚБтК 440-1-бабы бойынша есірткі заттарын медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:50, 17 қараша 2025
БҚО-да екі көлік бетпе-бет соқтығысып, сегіз адам қаза тапты
-
22:29, 17 қараша 2025
Жамбыл облысында қызын балағаттаған ер адам сотталып кете жаздады
-
22:12, 17 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары: таеквондошы Бауыржан Хасенов күміс медаль иеленді
-
22:05, 17 қараша 2025
Сейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:36, 17 қараша 2025
Тоқаев Мирзиёевке қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, Өзбекстанға жасаған сапарының тарихи мәніне тоқталды





