Қостанай әкімі жергілікті кәсіпкерді сотқа берді
© Фото: senate.parlam.kz
Қостанай әкімі жергілікті кәсіпкерді "Қостанай – Рудный" бағытындағы №120 автобус маршрутына қызмет көрсету туралы шартқа байланысты сотқа берген. Тараптар сот барысында дауды медиация тәртібімен реттеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Қостанай әкімінің "Б." жеке кәсіпкеріне тұрақты жолаушылар мен багаж тасымалын ұйымдастыру туралы шартты бұзу жөніндегі талабын қарады.
Сот отырысы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы шешім қабылдады.
Келісім шарттарына сәйкес, "Б." ЖК №120 "Қостанай – Рудный" бағытына 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қызмет көрсетуді жалғастырады.
Ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шарт тараптардың өзара келісімі бойынша тоқтатылады.
"Жауапкер шарттың тоқтатылуына сот тәртібімен дау айтпауға, сондай-ақ шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін талапкерге мүліктік және қаржылық талаптар қоймауға міндеттенді. Талапкер шартты бұзу туралы талабынан бас тартты", – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Осылайша, Қостанай әкімі шартты бұзу туралы талабынан бас тартты.
Сот тараптар арасындағы келісімді бекітіп, іс бойынша өндірісті тоқтатты. Нәтижесінде №120 автобус маршруты 2026 жылдың соңына дейін жұмысын жалғастырады.
Сот ұйғарымы әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:29, 15 тамыз 2026
Канье Уэст концерті 15 тамыз күні сағат 21:00-де өтеді
-
14:17, 15 тамыз 2026
Алматыда 20 жастағы қызды көлік қағып кетті
-
13:02, 15 тамыз 2026
Алматыдағы атышулы кісі өлімі: 17 жылдан кейін сот үкімі шықты
-
12:43, 15 тамыз 2026
Қазақстанда бизнеске кедергі келтірген 30 табиғи монополия субъектісі жауапқа тартылды
-
12:10, 15 тамыз 2026
Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды





