Канье Уэсттің Алматыдағы концерті 15 тамызға шегерілді
© Фото: zakon.kz
Америкалық рэпер Канье Уэсттің Алматыдағы концерті 15 тамызға шегерілді. Бастапқыда аталған концерт 14 тамызға жоспарланған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көрермендер Алматыдағы Орталық стадионда концертті ұйымдастырушылардың хабарландыру жариялап жатқан сәтін видеоға түсіріп алды.
"Шоу ертеңге, бүгінгідей белгіленген уақытқа шегеріледі. Өкінішке қарай, стадионды босатуларыңызды сұраймыз. Сіздерді ертең, дәл осы уақытта күтеміз. Рақмет", – дейді ұйымдастырушылар.
Концерттің не себепті бір күнге кейінге шегерілгені, әзірге нақтыланған жоқ.
Бұл ретте бұрын сатып алынған билеттер жарамды және қайта айырбастауды қажет етпейді.
Уэсттің (YE) Қазақстанда алғаш рет концерт өткізетіні туралы шілденің 17-сінде белгілі болған еді. Ұйымдастырушылар ауқымды концерт үшін қалаға 100 тоннадан астам жабдық (шамамен 15 жүк көлігі) алдыртылып жатқанын хабарлаған болатын. Сахна әлемдік турдың басқа шоуларындағыдай алып айналмалы сферамен жабдықталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:54, 6 қыркүйек 2026
«Қатты жел тұрып, бұршақ түседі». Еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:28, 6 қыркүйек 2026
Алматыда полицейлер ірі көлемдегі есірткі саудасының жолын кесті
-
17:16, 6 қыркүйек 2026
Қазақстан әншісі халықаралық этникалық ән байқауында күміс жүлдеге ие болды
-
16:52, 6 қыркүйек 2026
Марқакөлде орман өртін сөндіруге екі тікұшақ тартылды
-
15:59, 6 қыркүйек 2026
Алматыда жүк көлігі тиеген ірі габаритті конструкция көпірден өте алмай, құлап, үлкен кептеліс орын алды





