Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында 59 медаль, оның ішінде 19 алтын медаль жеңіп алды
© Сурет: ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі
Ташкентте (Өзбекстан) жасөспірімдер мен қыздар, жастар мен жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Жарыс 2026 жылғы 7-14 тамыз аралығында өтті. Қазақстан құрамасы сапында 28 спортшы өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ауыр атлетика федерациясыбаспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық ауыр атлеттер жұлқа көтеру, серпе көтеру және қоссайыс нәтижесі бойынша жалпы 59 медаль жеңіп алды. Оның 19-ы - алтын медаль. Құрама өнерінің басты нәтижелерінің бірі - қазақстандық спортшылардың Азияның 11 және әлемнің 5 рекордын жаңартуы.
Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 17 жасқа дейінгі қыздар арасында және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында барлық қатысушы елдер арасында І-орын алды.
Құраманың ең нәтижелі өнер көрсеткен спортшыларының бірі — Снежана Қашкарова. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол 17 жасқа дейінгі қыздар арасында Азия чемпионатының үш алтын медалін жеңіп алды. Спортшы жұлқа көтеруде 88 келі, серпе көтеруде 112 келі көтеріп, қоссайыста 200 келі нәтиже көрсетті.
20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Снежана Қашкарова жұлқа көтеруде 88 келі нәтижемен күміс, серпе көтеруде 112 келі және қоссайыста 200 келі нәтижемен алтын медаль иеленді. Жарыс барысында ол Азияның үш және әлемнің үш рекордын жаңартты.
Сондай-ақ Снежана ауыр атлетикадан "Азияның үздік спортшысы" аталымының жеңімпазы атанды.
Жеке марапат қазақстандық ауыр атлетшінің турнирдегі нәтижелерін толықтырып, оның Азия деңгейіндегі спорттық жетістіктерінің тағы бір мойындалуына айналды.
Аянат Жұмағали 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды. 77 келіге дейінгі салмақта ол жұлқа көтеруде 104 келі, серпе көтеруде 133 келі және қоссайыста 237 келі нәтижемен бірінші орын алды.
Нұржан Жұмабай 95 келіге дейінгі салмақта 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында екі алтын және бір күміс медаль иеленді. Спортшы жұлқа көтеруде 159 келі және қоссайыста 354 келі нәтижемен бірінші орын алды. Серпе көтеруде 195 келі көтеріп, күміс медаль жеңіп алды. Жарыс барысында ол Азияның үш рекордын жаңартты. 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Нұржан Жұмабай жұлқа көтеруде 159 келі нәтижемен қола медальға ие болды.
Ақжол Құрманбек 85 келіге дейінгі салмақта 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды. Спортшы жұлқа көтеруде 160 келі нәтижемен екінші орын алды. Серпе көтеруде 198 келі, қоссайыста 358 келі нәтижемен алтын медаль иеленді. Ол жарыс барысында Азияның екі рекордын жаңартты.
Ксения Прозорова 61 келіге дейінгі салмақта 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды. Спортшы жұлқа көтеруде 94 келі және қоссайыста 204 келі нәтижемен бірінші орын алды. Серпе көтеруде 110 келі көтеріп, екінші орынға ие болды. Оның еншісінде Азияның екі және әлемнің екі рекорды бар.
Бейбарыс Ерсейт құрама қоржынына тағы екі алтын медаль салды. 65 келіге дейінгі салмақта 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында ол жұлқа көтеруде 129 келі және қоссайыста 281 келі нәтижемен бірінші орын алды. Серпе көтеруде спортшы 152 келі көтеріп, күміс медаль жеңіп алды. Жарыс барысында Бейбарыс Ерсейт Азия рекордын да жаңартты.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасының қоржынына мына спортшылар медаль салды:
- Асанхан Төрехан — Азия чемпионатының күміс жүлдегері;
- Әскербай Әлихан — қола медаль;
- София Шешукова — 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионатының қола және 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионатының күміс медалі;
- Берікбол Нұрсыйла — қола медаль;
- Ермакова Маргарита — қола медаль;
- Данилова Кира — күміс медаль;
- Сәулебеков Ерасыл — қола медаль;
- Арапбай Нұрасыл — күміс медаль;
- Тұрсынбеков Ерсұлтан — қола медаль;
- Омар Рамазан — қола медаль;
- Арапбай Жанасыл — қола медаль;
- Жанболат Айғаным — қола медаль.
Ташкенттегі жарыс аясында Орталық Азия чемпионаты да өтті. Онда қазақстандық ауыр атлеттер түрлі дәрежедегі медальдарға ие болды.
Инсана Рашидова — алтын медаль; Қойшыбек Мұхаммедәлі — қола медаль; Виктория Мурашкина — күміс медаль; Омар Рамазан — қола медаль.
Осылайша, Қазақстанның ауыр атлетика құрамасы Азия чемпионатындағы жарысты жоғары нәтижелермен аяқтап, Азия және әлем рекордтарын жаңартты. Сондай-ақ 17 жасқа дейінгі қыздар және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жалпы командалық есепте І-орын алды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:42, 14 тамыз 2026
Ақмола облысында газбен жабдықталған жүк көлігі отқа оранды
-
21:30, 14 тамыз 2026
Канье Уэсттің Алматыдағы концерті 15 тамызға шегерілді
-
21:24, 14 тамыз 2026
«Аптап ыстық, дауыл, найзағай»: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:50, 14 тамыз 2026
Балаева балалар сауықтыру орталықтарындағы қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
-
19:59, 14 тамыз 2026
Жаппай блэкаут: Қазақстанның сегіз облысы жарықсыз қалған





