Қырғызстан мен Тәжікстанда жарық өшті
© Фото: unsplash
2026 жылғы 14 тамызда күндіз Қырғызстан мен Тәжікстанда электр энергиясын беруде іркілістер тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары жазды.
Kaktus.media мәліметінше, сағат 15:00-ден бастап Қырғызстан астанасы Бішкектің бірнеше ауданындағы тұрғындар электр жарығының өшуіне және электр энергиясын берудегі іркілістерге шағымданған. Жарықтың өшу себебі әзірге белгісіз. Қырғызстанның Энергетика министрлігі энергетикалық компаниялар оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.
Осындай жағдай Тәжікстан астанасы Душанбеде, сондай-ақ елдің басқа да қалалары мен өңірлерінде тіркелді.
"Азия-Плюс" басылымының Тәжікстан Энергетика және су ресурстары министрлігіндегі дереккөзінің хабарлауынша, электр қуатының өшуіне жоғары жүктеме салдарынан Нүрек су электр станциясындағы агрегаттардың ажыратылуы себеп болуы мүмкін. Алайда бұл болжам әзірге ресми түрде расталған жоқ.
14 тамызда күндіз Алматы мен Алматы облысында да электр энергиясы жаппай өшті. KEGOC АҚ-ға тиесілі әуе электр беру желілерінің апатты жағдайда ажыратылуы салдарынан "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ желілерінде апатқа қарсы автоматика іске қосылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
08:53, 3 қыркүйек 2026
Балиде бассейнге түскен турист көзінен айырылып қала жаздады
-
08:45, 3 қыркүйек 2026
Күн энергетикасы Қытайдағы ең ірі электр қуаты көзіне айналды
-
08:36, 3 қыркүйек 2026
Әкесі ұлын құтқару үшін 40 келі салмақ тастады
-
08:12, 3 қыркүйек 2026
Алтын бағасы қысқа уақыт ішінде күрт төмендеді
-
21:25, 2 қыркүйек 2026
Археологтар Иса пайғамбардың жерленген жеріне қатысты тың мәліметтер тапты





