Алматыда Esentai Mall маңындағы көлік қозғалысының сызбасы өзгерді
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыдағы әл-Фараби даңғылының Esentai Mall сауда және ойын-сауық орталығы маңындағы бөлігінде жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасы өзгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, мұндай шешім көлік қозғалысын реттеу, жол қауіпсіздігін арттыру және жүргізушілердің жолақтарды ретсіз ауыстыруына жол бермеу мақсатында қабылданған.
Бұған дейін сауда орталығы аумағынан шыққан жүргізушілер бірден көршілес жолақтарға ауыса алатын. Соның салдарынан бірнеше көлік қатар маневр жасап, сол жақ шеткі жолаққа өтуге ұмтылатын. Бұл қозғалыстың баяулауына және көлік ағынының біркелкі жүрмеуіне әкелген.
Енді солтүстік бағыттағы Үшкемпіров көшесінен Есентай өзеніне дейінгі аралықта қозғалыс сызбасы реттелді. Сауда орталығынан шыққан көліктердің бірден басқа жолаққа ауысуына шектеу қойылып, жолдың аталған бөлігіне тұтас таңбалау сызықтары сызылды.
Жаңа тәртіп бір мезгілде маневр жасайтын көліктердің санын азайтып, көлік ағынын жолақтарға біркелкі бөлуге және осы учаскедегі қозғалысты жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Жүргізушілерден енгізілген өзгерістерді ескеріп, жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтауды, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін басшылыққа алуды сұрады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:25, 14 қыркүйек 2026
Семейде эскалатор әйелдің аяғын қысып қалды
-
11:14, 14 қыркүйек 2026
Қосшыдағы сауда үйінде ер адам жанжал шығарды
-
11:08, 14 қыркүйек 2026
Жамбыл облысында 438 келі қарасора тәркіленді
-
10:57, 14 қыркүйек 2026
Қарағандыда 200 шаршы метр аумақты шарпыған өрт болды
-
10:48, 14 қыркүйек 2026
33 әкімшілік хаттама толтырылды: Қызылордада той кортежінде көңіл көтергендер жолда заң бұзды





