Индонезияда жас жұп әлеуметтік желідегі «әдепсіз» қылығы үшін дүре жазасына кесілді
© Фото: unsplash
Индонезияның Ачех провинциясында жас жұп TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде сүйіскені үшін шариғат сотының шешімімен ислам заңнамасын бұзды деп танылып, көпшілік алдында дүре жазасына тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
NBC News мәліметінше, сот 22 жастағы ер адам мен 25 жастағы әйелге әрқайсысына ротан таяғымен 21 реттен дүре соғу туралы үкім шығарған. Жаза Банда-Ачех қаласындағы саябақта көпшілік алдында орындалды. Оны шамамен жүзге жуық адам тамашалады.
Жұп сәуір айында ұсталған. Бұған олардың ақпан айында көлікте отырып сүйіскен сәті көрсетілген тікелей эфирінің әлеуметтік желіде кең тарап, діни билік өкілдерінің назарын аударуы себеп болған.
Ачех – Индонезиядағы шариғат заңдары ресми түрде қолданылатын жалғыз провинция. 2015 жылы бұл нормалардың қолданылу аясы кеңейтіліп, өңір халқының аз бөлігін құрайтын мұсылман емес тұрғындарға да таралды.
Өңірдегі заңнамада бірқатар "моральдық құқықбұзушылықтар" үшін тән жазасы қарастырылған. Олардың қатарында некеден тыс қарым-қатынас, құмар ойындарға қатысу және алкоголь ішу бар.
Бастапқыда ер адам мен әйелдің әрқайсысына 25 реттен дүре соғу жазасы белгіленген болатын. Алайда олардың қамауда өткізген төрт айы ескеріліп, жаза 21 соққыға дейін қысқартылды.
Сол күні Ачех өңірінде құмар ойындарға қатысқаны және жұбайына опасыздық жасағаны үшін сотталған тағы бірнеше адам да көпшілік алдында дүре жазасына тартылды.
Ал Amnesty International құқық қорғау ұйымы мұндай жазалау тәжірибесін қатаң сынға алып, оны қатыгез, адам қадір-қасиетін қорлайтын жаза деп бағалады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:51, 3 шілде 2026
Алматыда тау өзендеріне тәулік бойы мониторинг жалғасуда
-
13:35, 3 шілде 2026
Қазақстанда «жасыл экономикаға» көшу жеделдетіледі: Үкімет қандай тапсырма жүктеді
-
13:13, 3 шілде 2026
Қазақстанда әлеуметтік қызметтер порталы жақсара түсті
-
12:59, 3 шілде 2026
Алматы облысында экс-депутат агроөнеркәсіптік кешенге бөлінген бюджет қаражатын жымқырып келген
-
12:37, 3 шілде 2026
Швейцария құрамасы араға 88 жыл салып алғаш рет футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде жеңіске жетті





