Коронавирус науқастар мен мәйіттерді тасығандар үстемақы алмаған

12:48, 4 маусым 2020
187

Нұр-Сұлтандағы фтизиопульмонология орталығында, яғни тубдиспансерде карантинде жатқан 40-қа жуық қызметкер тілшілермен тығылып тілдесуге мәжбүр болды. Өйткені басшылық базынасын айтқан жұмысшыларына «мәселелеріңді әне шешем, міне шешем» деп басу айтып келген. Бірақ шыдамның шегі жетіп, бар түйткілді тарқатып берді.

Айтуларынша, коронавирус жұқтырған науқастармен тікелей қарым-қатынас жасаса да, мемлекет уәде берген ешқандай үстемақы алмаған. Үстемақы тұрмақ, айлықтарының өзін бөліп беріп берекесін кетірген. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Болат Төлебаев, жүргізуші:

"Ана айда без выходный работали күнде түнде. Бешеный сағат қой. Адамдар уже пределда отыр, расында да".

Өзгесі аурулардың тамақ ішкен ыдыс-аяғын жуады, реттейді. Күн демейді, не түн. Мына төрт қыз науқастардың көрпе-жастығын жуады.

"Мы же белье стираем, кровь привозит. Говно привозит мы же стираем".

Байқасаңыз, бұлардың барлығы аурулармен тікелей қарым-қатынас жасайды. Осы үшін де олар екі айдан бері ауруханадан шықпайды. Қорықпаңдар, бейнеттің зейнетін көресіздер, шыдаңыздар, 850 мың теңге үстемақы да, жалақы да болады деп сендірген. Кім? Басшылық! Ал енді...

"Енді звондасақ телефондарын көтермейді. Ешқандай жауап жоқ".

Жауап ала алмаған соң, журналистермен жасырын жүздесуге мәжбүр болды.

Нұрболат Елубаев, Жедел жәрдем жүргізушісі:

"Сіздерді шақырамыз дегенге бүгін 15 күн шығар. Енді шақырамыз дегенде естіп қояды басшылар. Шақырмаңыздар, шақырмаңздар деп жиналыс ашады. Бәрі шешіліп жатыр, бәрін сіздерге төлейміз шақырмаң деді. Вы зря сделали. Почему деп отказ бердік. Екі рет".

Бірақ базынасын айтып жиналған қызметкерлерді басшылық та байқады. Қасымызға келіп мән-жайды түсіндірді.

Мәди Жақашев, бас механик:

"Иә, бұл қызметкерлердің барлығы науқастармен тікелей байланыста. Ол рас. Біз аурухана бюджетінен өткен айда оларға 2 ай жалақы көлемінде ақша бердік. Мемлекеттен берілген көмек емес бұл".

Шаруашылық қызметкерлеріне де қауіп дәрігер, медикеден бір мысқалға да кем емес екенін басшылық да жақсы түсініп тұр. Бірақ олардың қолы қысқа.

Есжан Намазбаев, Жедел жәрдем жүргізушісі:

"Ақша төлеуге келгенде біз заразаға қатысымыз жоқ, ал жатуға келгенде, үйге барайын, бірдеңе десең, жоқ сен контактныйсың, саған болмайды деп айтады. Біз түсіне алмаймыз сол сұрақты".

Бұл кісілер түсінбеген сұрақтың жауабын әкімдіктен алдық!

Мұхтар Төлеутаев, Нұр-Сұлтан қаласы көпсалалы медициналық орталығының директоры:

"Денсаулық сақтау министрлігінің 4 сәуір 2020 жылғы бұйрығымен, 28/20 бұйрығында кейбір денсаулық сақтау қызметкерлеріне коронавирусқа қатысты эпидемиялық жұмыстарға қатынасқандары үшін, үстемақы қаражатын төлеу туралы бұйрығының тізімінде - дәрігерлер, мейірбикелер және кіші буындағы медициналық қызметкерлері бар. Жаңағы фтизиопульмонология орталығының қызметкерлері бұл тізімге кірмейді".

Түсінсек, министрліктің пандемиямен күресіп жүрген жандарға үстемақы беру жөніндегі бұйрығына бұл кісілер ілінбей қалған. Ендігі үміт, үстемақы тұрмақ, жалақы емес-ау, жұмысқа зар болып қалмаса екен. Өйткені аурухана басшылығы бұл проблеманың бұқаралық ақпаратқа тарағанын қаламаған. Аурумен айқаста алғышепте жүрсе де, ақ халат кимегені үшін адал еңбегінің ақысын ала алмай жүргендер көп. Жауапты министрліктен қосымша ақша төленбейді деген ресми жауап келсе де, бүлік бастап, жұмысын тастап кеткен жоқ. Ел саулығы үшін өз денсаулығын сарп етіп, міндетін атқарып келеді. Тек күндердің күніндже қылтықыз тқымтеінің бір қайтарымы болатынынан үмітті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір