«Қорқынышты кино арқылы жүйені сынау». Отандық фильм шетелдік атақты режиссерді тәнті етті

© Сурет: pixabay
Мексикалық кинорежиссер Альфонсо Куарон қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың 2024 жылғы Токиодағы халықаралық кинофестиваль байқауына ұсынған "Кадет" фильмі туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ciakmagazine итальяндық басылымына берген сұқбатында Куарон фильм кең аудиторияны қамтитына сенімді екенін атап өтті.
"Мен Ержановпен Финляндиядағы "Түн ортасындағы күн" кинофестивалінде кездесіп, оған "Кадет" фильмі керемет шығарма екенін айттым. Оны Гильермо Дель Торо және Павел Павликовский сынды басқа режиссерлермен де бөлістім. Олардың барлығы да бұл фильмді көріп, қатты қуанды. Бұл - қорқынышты оқиға арқылы жалпыға ортақ мәселені жеткізе білген автордың пісіп-жетілген ойын танытушы сирек кездесетін жағдайлардың бірі. Сонымен қатар бұл өз елі, оның патриархальды жүйесі туралы сынды білдіртпей, мақтамен бауыздағандай етіп жеткізетін өте нақты фильм", – дейді Куарон.

Сурет: Instagram/adilkhan_yerzhanov
Куарон көрермендерге Гарри Поттердің "Гарри Поттер және Азкабан тұтқыны" (2004) сериялы кітабының үшінші бөлігін фильмге айналдыру, сондай-ақ Филлис Дороти Джеймстің "Адам баласы" (2006) фантастикалық романының негізінде түсірілген фильмі сияқты жұмыстармен таныс. 2013 жылы режиссердің Голливудтағы жаңа ірі жобасы Сандра Буллок пен Джордж Клуни түскен "Гравитация" ғарыштық эпопеясы болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:43, 15 маусым 2025
Ақтөбеде алты қабатты тұрғын үйде өрт шықты
-
17:20, 15 маусым 2025
40-42 градус: Қазақстанда аптап ыстыққа байланысты ескерту жасалды
-
16:43, 15 маусым 2025
Маңғыстауда өртеніп жатқан көлік жарылды
-
15:15, 15 маусым 2025
Ақмола облысында ауыл тұрғыны бақшасында қарасора өсірген
-
14:45, 15 маусым 2025
Алматы облысындағы өткелде жүк пойызы жол талғамайтын көлікті соқты