ІІМ қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады
© Фото: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі заңсыз қару айналымын тоқтату бойынша жүргізілген жұмыстарға есеп беріп, ел тұрғындарына маңызды ақпаратпен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтың мәліметінше, 2026 жылдың бес айында "Қару" және "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында қылмыстық айналымдағы 1200-ден астам қару тәркіленді, оның ішінде:
- 18 автомат;
- екі гранатаатқыш;
- 320-дан астам тапанша;
- 100-ден астам ойық ұңғылы қару;
- 700 тегіс ұңғылы мылтық;
"Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған 120 қару да бар",- деп нақтылады спикер.
Нұрмағамбетов мамыр айында Алматы қаласы мен Алматы облысында тіркелмеген бірқатар қару тәркіленгенін атап өтті. Олардың арасында қаңтар оқиғасы кезінде оңтүстік мегаполистегі қару дүкендерінен ұрланған қарулар да анықталды.
Сонымен қатар, маман 20 сәуірден бастап жыл соңына дейін халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы жүргізілуде екенін жеткізді.
Бүгінгі күні азаматтар шамамен 750 түрлі қару мен 4 мыңға жуық оқ-дәріні ерікті түрде тапсырды.
"Ішкі істер министрлігі заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады. Азаматтарды сақтауға заңды негіз жоқ қаруды тапсырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуға шақырамыз, – деді ол.
Бұған дейін полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:10, 11 маусым 2026
Қазақстанда қарыз туралы ақпарат коллекторларға қашан өтеді
-
11:58, 11 маусым 2026
Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа функциялар жүктеді
-
11:40, 11 маусым 2026
Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамдары – 11 маусым
-
11:25, 11 маусым 2026
Сенат Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара режимі туралы келісімді ратификациялады
-
11:13, 11 маусым 2026
Қазақстанда БҰҰ өңірлік орталығы ашылады





