Конституциялық сот аудио және бейнежазбаларды алудың заңдылығын қарады
© Фото: Zakon.kz
Конституциялық сотқа қылмыстық процесте дәлелдемелерді бағалау мәселелері жөніндегі Жоғарғы соттың нормативтік қаулысы ережесінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өтініш беруге аудио және бейнежазбалар дәлел ретінде пайдаланылған қылмыстық іс себеп болған.
Конституциялық сот заңды жолмен алынған мәліметтер ғана дәлелдеме ретінде танылуы мүмкін екенін атап өтті.
Даулы ереже аудио және бейнежазбаларды алу тәртібін белгілемейді. Сондай-ақ ол сотты мұндай материалдардың іске қатыстылығын, дәлелдеме ретінде пайдалануға жол берілетінін және анықтығын тексеру міндетінен босатпайды.
"Нақты жазбаларды алудың заңдылығы, сондай-ақ жеке өмірге қолсұғылмаушылық құқығының сақталуы тиісті қылмыстық істі қарау кезінде қылмыстық қудалау органдары мен сот тарапынан бағалануға тиіс", – деп қорытындылады Конституциялық сот.
Бұған дейін Конституциялық сот жұмыс беруші мен қызметкер арасында бәсекелеспеу туралы шарт жасасуды реттейтін ҚР Еңбек кодексінің 29-бабы 1 және 2-тармақтарының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті қараған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:58, 15 қыркүйек 2026
Алматының құрметті азаматы атағын кімдер ала алады
-
16:53, 15 қыркүйек 2026
Астанада ер адам балалардың көзінше әйелін өлтіріп, өзіне қол жұмсаған
-
16:50, 15 қыркүйек 2026
Отбасы банк Қазақстанда исламдық ипотеканы іске қосуды жоспарлап отыр
-
16:46, 15 қыркүйек 2026
Талаптарды сақтамаған зертхана жұмысын тоқтатты
-
16:40, 15 қыркүйек 2026
«Отбасының түгел қаза болғанын білмейді»: Атыраудағы атышулы іс бойынша ақталған әйел балаларына оралды





