Астанада ер адам балалардың көзінше әйелін өлтіріп, өзіне қол жұмсаған

16:53, 15 қыркүйек 2026
MKZ: 1566985

© Фото: pxhere

Астанадағы "Шығыс" тұрғын үй кешенінде 55 жастағы ер адам жұбайын өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 12 және 14 жастағы екі баланың көзінше болған.

Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі адам өлтіру және суицид дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал кезінде 55 жастағы ер адам 53 жастағы жұбайына пышақ жарақатын салғаны, содан кейін өзіне қол жұмсағаны анықталды. Екеуі де алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", – деп мәлімдеді Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаның барлық себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.

Бұған дейін, 10 қыркүйекте, Шымкент тұрғынының 65 жастағы көршісін өлімші етіп сабағаны хабарланған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!