Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынды
© Ақорда
Конституциялық комиссия Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады, делінген Ақорда баспасөз қызметінің 2026 жылғы 11 ақпандағы хабарламасында.
Мемлекет басшысына комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша атқарған жұмысы туралы мәлімет берілді.
Эльвира Әзімова Комиссияның осыған дейін өткен он екі отырысының нәтижесінде жаңа Ата Заңның қорытынды жобасы әзірленгенін баяндады.
Жаңа Конституция мәтіні азаматтар мен сарапшылардың былтыр қазан айынан бастап eGov және e-Otinish порталдарына жолдаған бастамалары негізінде дайындалды. Сондай-ақ жобада Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қазан-қаңтар айлары аралығында жинақтаған тәсілдер де ескерілді.
Эльвира Әзімова Конституциялық комиссия талқылау қорытындысы бойынша жаңа Конституция жобасын жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынатынын жеткізді.
Мемлекет басшысы Конституциялық комиссияның өте ауқымды әрі маңызды жұмыс атқарғанын атап өтті. Президенттің пікірінше, жаңа Конституция ережелері мемлекетіміздің институционалдық негізін трансформациялау үдерісі толығымен аяқталып, мүлде жаңа конституциялық үлгіге көшетінін көрсетеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Ата Заң жобасы қоғамдағы өзекті құндылықтар мен мемлекеттік саясат қағидаттарын айқындап қана қоймай, Қазақстанның одан әрі прогрессивті дамуына негіз қалайтынын айтты.
Президент маңызды жұмысты кәсіби тұрғыда атқарған Конституциялық комиссия мүшелеріне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Комиссия мүшелерінің жаңа Конституция жобасын тікелей эфирде талқылауы қоғамдық диалогтің жоғары деңгейін танытқанына назар аударды.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жобаны әзірлеу мен талқылауға мыңдаған азаматтың белсене атсалысқанына тоқталып, бұл "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына сай келетінін және жаңа Конституцияның шынайы халықтық сипатын көрсететінін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев таяу арада жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:02, 11 ақпан 2026
Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды
-
17:58, 11 ақпан 2026
Абай облысында полиция талаптарына бағынбаған мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды
-
17:48, 11 ақпан 2026
Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның денсаулық жағдайына қатысты түсініктеме берді
-
17:32, 11 ақпан 2026
Астана, Алматы, Шымкент: 12-14 ақпанға арналған ауа райы болжамы
-
16:58, 11 ақпан 2026
Опа-далаптың күші ме, әлде табиғат заңы ма: қазақстандық жұптар бір-біріне қаншалықты ұқсайтынын көрсетуде





