Коллекторлық агенттіктер Ұлттық банкке қандай есептілік тапсырады: ережелер жаңартылды
© Фото: freepik
Ұлттық банк басқармасының 2025 жылғы 2 желтоқсандағы қаулысымен коллекторлық агенттіктердің есептілік тапсыру қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Есептілік коллекторлық агенттік орналасқан жері бойынша Ұлттық банктің аумақтық филиалына электрондық форматта, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің есептілік тапсыру қызметтеріне бірыңғай қолжетімділік ұсынатын "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесі арқылы жолданады.
Есептілікті "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесіне жүктеу барысында ішкі нысандық және нысанаралық бақылау жүргізіледі. Аталған бақылау кезінде қателер анықталған жағдайда, есептілік ақпараттық жүйе арқылы қабылданбайды.
Есептілікте көрсетілетін деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында – теңгемен беріледі.
Есептілік жасау кезінде қолданылатын өлшем бірлігі мың теңге болып белгіленеді. 500 теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектеледі, ал 500 теңге және одан жоғары сома 1000 теңгеге дейін дөңгелектеледі.
Есептіліктегі деректердің толықтығы мен шынайылығы коллекторлық агенттіктің басшысы немесе есепке қол қою міндеті жүктелген тұлға арқылы қамтамасыз етіледі.
Егер мәліметтер болмаған жағдайда, есептілік нөлдік көрсеткіштермен ұсынылады.
Коллекторлық агенттік тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, Ұлттық Банктің аумақтық филиалына мынадай есептерді ұсынады:
- берешекті сотқа дейін өндіріп алу және талап ету құқығын беру туралы шарттардың саны жөніндегі есеп;
- жұмысқа қабылданған қарыздар (микрокредиттер) туралы есеп;
- есепті кезеңнің соңындағы жұмысқа қабылданған қарыздар (микрокредиттер) туралы, кредиторлар бөлінісіндегі есеп;
- қарыздар (микрокредиттер) бойынша сатып алынған талап ету құқықтары жөніндегі есеп;
- есепті кезеңнің соңындағы сатып алынған талап ету құқықтары туралы, кредиторлар бөлінісіндегі есеп;
- қайта құрылымдау жүргізілген қарыздар (микрокредиттер) бойынша сатып алынған талап ету құқықтары жөніндегі есеп;
- кредиторлар бөлінісіндегі міндеттемелер құрылымы туралы есеп;
- коллекторлық агенттіктің негізгі қаржылық көрсеткіштері туралы есеп.
Қаулы 2025 жылғы 23 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:17, 15 желтоқсан 2025
Түркістан облысында табиғи ресурстарды заңсыз тасымалдаған 15 жүк көлігі анықталды
-
16:54, 15 желтоқсан 2025
Қарағанды облысында полиция 600-ден астам автокөліктің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етті
-
16:47, 15 желтоқсан 2025
Жұмыс берушілер субсидияланатын жұмыс орындарына қатысушыларды тұрақты жұмысқа қабылдауға міндеттеледі
-
16:40, 15 желтоқсан 2025
2026 жылғы ҰБТ: түлектерге маңызды ақпарат
-
16:33, 15 желтоқсан 2025
«Бүкіл өмірім көз алдымнан өтті»: Оралда пәтерде болған жарылыстан аман қалған өрт сөндірушінің оқиғасы





