Көлікті 5 минуттан артық қыздыру: Экология министрінің эксперименті қазақстандықтардың қызу талқысына түсті
© Сурет: Instagram/minecology_kz
Желі қолданушылары экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың 17 градустық түнгі аяздан кейін 5 минут ішінде көлік қыздырған экспериментіне қатысты жаппай пікір білдіруде, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылғы 21 қаңтарда Ерлан Нысанбаев қыс мезгілінде автокөлікті 5 минуттан артық қыздырғанға салынатын айыппұлға оң көзқарасын білдіріп, сөзін іспен дәлелдеуге дайын екенін мәлімдеді. Министрдің айтуынша, ол сол күні көлігін сыртта қалдырған, ал 22 қаңтарда таңертең оның темір тұлпары 5 минуттың ішінде қызған.
Экология Министрлігінің Instagram парақшасында жариялаған эксперимент қызу талқыға түсті. Енді оған қазақстандықтар бұл экспериментті қайталауды, тек бұл жолы ескі машинада және куәгер қосуды ұмытпауды ұсынды.
- Министр мырза бұл видеомен өтірік қойылым жасаған. Себебі, машинаның терезесінде қар немесе мұз жоқ.
- Ауа температурасы 20 градустың айналасында машинаның терезесі толығымен жабылып, мұз немесе қырау қатып тұрады. Әсіресе 21 ақпанда қарлы боран тұрғанын ескерсек. Терезедегі қар қайда кеткен? Әлде жылы гараждан жаңа ғана шыққан машина ма?
- Бұндай сайқымазақ қойылым жасау ұят емес пе?
- Жұрттың бәрі министр ұқсап жаңа көлік міне бермейді
- Халықты ақымақ қылуды қою керек қой
- Қырау да жоқ қой...
- Енді ескі көлікпен істеп көріңізші
- Жақсы қойылым
Бұған дейін Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасының іске қосылғаны жарияланғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:55, 23 қаңтар 2025
Бейбіт Жұқаев қазақстандық дербиде жеңіске жетіп, Португалиядағы турнирдің 1/4 финалына шықты
-
22:24, 23 қаңтар 2025
Батыс Қазақстан облысында екі оқушы қыз жүкті болып қалды
-
22:04, 23 қаңтар 2025
Ақтөбеде танысын өлтіріп, оның денесін тоңазытқышта сақтаған күдіктілерге қатысты сот басталды
-
21:53, 23 қаңтар 2025
Көкшетауда дәрігерлерге күш көрсеткен ер адам қамалып, ал әйелі айыппұл арқалады
-
21:45, 23 қаңтар 2025
Саранда дүкен сатушысын пышақтап өлтірген күдікті ұсталды