Көлік министрлігі: Халықаралық өткізу бекеттерінің құрылысы 2027 жылы аяқталады

14:18, 3 наурыз 2026

© Фото: gov.kg

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 2026 жылғы 3 наурызда Үкімет отырысында халықаралық өткізу бекеттерінің құрылысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның сөзінше, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

"Халықаралық өткізу бекеттерінің құрылысы 2027 жылы толық аяқталады", – деді Сауранбаев.

Жалпы автожол желісін дамыту мәселесіне тоқталған министр бұл үшін ілеспе инфрақұрылымды дамыту қажеттігін атап өтті.

Атап айтқанда:

  • мультимодальды логистикалық хабтар мен заманауи өткізу бекеттерін салу;
  • жаңа форматтағы жол бойы сервистерін дамыту;
  • цифрлық шешімдерді енгізу.

Бұған дейін Қазақстанда 2029 жылға дейін 10 мың км автожолды жөндеу жоспарланып отырғаны хабарланған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!