Көлгінов Астанадағы су тапшылығы жөнінде: Кінәлілерді іздеудің қажеті қанша

13:15, 6 маусым 2023

© Сурет: pixabay

Вице-премьер Алтай Көлгіновке бұрынғы әкім ретінде елорда мәселесіне қатысты сауалдар әлі де түсіп жатыр. Бірақ 6 маусымда үкімет кулуарында су тапшылығына қатысты жағдайға түсініктеме берген ол бұл үшін кім жауап беруі керек екенін айта алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экс-әкім су тапшылығы мәселесін елордада халық санының күрт өсуімен байланыстырды. Алтай Көлгінов әкім болған 3,5 жыл ішінде Астанаға 300 мыңдай адам қоныс аударған. Көші-қонмен бірге қалада демографиялық та өсім байқалады.

"2000 жылдардың басында жасалған Астананың бірінші бас жоспарында халық саны 800 мың болады деп қарастырылған. Бұл көрсеткіш қазірдің өзінде барлық болжамнан асып түсті. 2010 жылы бас жоспар түзетілді, болжамдар бойынша 2030 жылға қарай Астанада 1,2 миллион адам тұрады деп болжанды. Бұл көрсеткішке 2020 жылы жетіп қойдық. Сондықтан 2019 жылы 2030-35 жылдары 2 миллионнан 2,5 миллионға дейін адам өмір сүретіндей етіп бас жоспарды түзете бастадық. Соны ескере отырып, 2020 жылы біз сорғы-сүзу станциясын сала бастадық. Қазір бұл жоба аяқталды, су болады. Бұл жобаны аяқтап, тезірек іске қосуымыз керек. Әкімдік маусым айында аяқтаймыз деп уәде беріп отыр". Алтай Көлгінов

Ол елордада инженерлік желілер жеткілікті екенін атап өтті. Мәселе суға келіп тіреледі.

"Сондықтан суды тазартатын станцияны іске қосу керек, бітті. Су бар. Біз бұл станцияларды осы болжамдарды ескере отырып салдық. Станция дайын, қазір оны іске қосу жұмыстары жүріп жатыр". Алтай Көлгінов

Бірақ ол Астана тұрғындарының бастан кешіп жатқан жайсыздығына кім жауапты екенін айтпады.

«Кім кінәлі, айтпаймын,  кінәліні іздеудің қажеті қанша? Біз өз жұмысымызды атқардық,мен әкімдіктің үкіметпен бірлесе атқарған істерін айтып отырмын". Алтай Көлгінов

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!