Көктемде Астанада егеуқұйрық қаптауы мүмкін
© Сурет: pixabay
Қалалық санитариялық-эпедемиологиялық бақылау департаментінің дерегінше, биыл кеміргіштер әдеттегіден көбірек балалайды. Бұған қолайсыз табиғат құбылыстары себеп дейді. Ал жергілікті тұрғындар қазірдің өзінде кеміргіштердің көп екенін айтып, алаңдап отыр.
Нұра мен Есіл аудандарында егеуқұйрықтар өріп жүр. Қаладағы қараусыз қалған құрылыс алаңдары мен қоқыс маңындағы кеміргіштер көбейіп кеткен. Тұрғын үйлердің аулаларында да, жүреді деген елордалықтар, кеміргіштерді қазір улап, көзін жоймаса, түрлі инфекция тарайды деп қауіптенеді.
Егеуқұйрықтардың көбеюінен iKomek пен E-otinish платформасына шағымданатандар саны да артқан. Былтыр 400-ден астам адам хабарласса, биыл, яғни 20 шақты күнде 30-ға жуық арыз тіркелген. Қалада дератизациялау жұмыстары жасалған. Дегенмен, тұрғындар тарапынан шағым азаймай тұрған көрінеді.
"Тұрғын үй алаптарында және ашық аумақтарда, саябақтар, өзендердің маңы, су қоймалары, каналдар және зираттарда дератизациялау шараларын жүзеге асырдық. Тұрғын үй кешендерінде бұл жұмысты мүлік иелері бірлестігі қадағалайды. Алда тағы да осындай жұмыстар жүргіземіз." Айжан Оразова, дезинфекция қызметін көрсететін ұйым басшысы
Мамандардың болжамынша, елордада күн жылысымен егеуқұйрықтар саны еселенеді. Жылдағыдан әлдеқайда көп болмақ. Оған былтырғы су тасқыны, қыстың жылы болуы және ылғалдылықтың жоғары деңгейі түрткі. Өткен айларда кеміргіштерді аулап, қауіпті инфекцияларға зерттеу жүргізілген. Ауру тарайды деп алаңдауға негіз жоқ,дейді жауаптылар, деп жазады qazaqstan.tv.
"Егеуқұйрықтарға лабораторияда ай сайын әкелінген тышқандарға зерттеу жасап отырамыз. Серологиялық, биологиялық зерттеулер, бактерологиялық, биологиялық болжам жасап отырамыз. Қорытындылай келе ұлттық сараптама орталығының зертханасымен бірге аса қауіпті инфекцияларды зерттеу зертханасы бар. 2024 жылы хаттамалардың бәрі, зерттеулер теріс шықты." Айбарша Дүйсенбайқызы, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы
Егеуқұйрық пен тышқандар туляремия, иерсиниоз, листериоз, лептоспироз, құтырма, өкпе обасы сияқты әр түрлі аса қауіпті жұқпалы ауруларды тасымалдайды. Қауіптің алдын алу үшін, тағы да сынамалар алынып, зерттеу жалғаспақ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:14, 24 қаңтар 2025
Маңғыстаудағы сарбаздың өлімі: прокурор айыпталушыны 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
-
13:02, 24 қаңтар 2025
Берік Асылов: 428 миллиард теңгеден астам заңсыз мүлік мемлекетке қайтарылды
-
12:51, 24 қаңтар 2025
Мемлекет басшысы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады
-
12:34, 24 қаңтар 2025
Степногорск тұрғынының алимент бойынша қарызы тоғыз миллион теңгеге жеткен
-
12:28, 24 қаңтар 2025
Ақмола облысында жеңіл автокөліктер мен екі жүк көлігі боранды күні жолда қалып қойды