Көктайғақта апатқа түскен жүргізуші әкімдікті кінәлап, өтемақы өндіріп алды
© Сурет: ЖИ көмегімен жасалған
Петропавл тұрғыны жолдағы ойыққа түсіп, көлігі аударылып қалған. Бұдан кейін ол апатқа себеп болған ойық үшін әкімдіктен өтемақы өндіріп алды. Жағдай туралы 2026 жылғы 23 ақпанда қалалық сот баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот анықтағандай, 2024 жылдың қаңтар айында Қизатов көшесіндегі автожол учаскесінде талапкердің автокөлігі аударылған. Оқиғаға көлік дөңгелектерінің мұз қатып, қар тығыздалған жолдағы пайда болған ойыққа түсуі себеп болған. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде көлік құралына механикалық зақым келтірілген.
Сот талқылауы барысында аталған учаскедегі ойықтың тереңдігі 8 см-ге дейін жеткені анықталды. Оқиғаға дейін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жол жамылғысындағы анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілген, алайда шаралардың уақтылы қабылданғанын растайтын дәлелдер ұсынылмаған.
"Қазгидромет" филиалының деректеріне сәйкес, оқиға болған күні қалада қар жауып, ауа температурасы нөлден төмен болған, бұл көктайғақтың пайда болуына ықпал еткен. Сонымен қатар талапкер қатысқан жол-көлік оқиғасынан кейін 5 минут ішінде сол жолда тағы бір жүргізуші апатқа ұшырағаны, ал келесі күні тағы 3–4 жол-көлік оқиғасы орын алып, кемінде 11 адамның зардап шеккені анықталған",- делінген ақпаратта.
Ұсынылған дәлелдемелерді жиынтығында бағалай отырып, сот көше-жол желісінің тиісті түрде күтіп-ұсталмауы келтірілген зиянмен себептік байланыста деген қорытындыға келді. Сонымен бірге сот жүргізуші тарапынан да қолайсыз ауа райы жағдайында қозғалыстың қауіпсіз режимін қамтамасыз ету бөлігінде Жол қозғалысы қағидаларының 72-тармағы талаптарының бұзылғанын анықтады.
Осылайша, сот шешімімен жауапкерден материалдық залалдың өтемақысы, моральдық зиянның өтемақысы, өкіл көмегіне жұмсалған шығындар және мемлекеттік баж өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:37, 24 ақпан 2026
Атырауда көлік жүргізу құқығынан айырылған 4 тұлғаның қайта көлік тізгіндегені анықталды
-
12:28, 24 ақпан 2026
Ауыл шаруашылығы министрі заңсыз ет экспорттау туралы ақпаратқа түсініктеме берді
-
12:17, 24 ақпан 2026
Алматыда 25 ақпанда дабыл сигналдары қосылады
-
12:06, 24 ақпан 2026
Қойдың кейпіне енген үш ер адам Алжирді заңсыз кесіп өтпек болған
-
11:53, 24 ақпан 2026
Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етін экспорттауға тыйым салу туралы ақпаратқа түсініктеме берді





